Қиыр Шығыста 1,5 млн адам жарықсыз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Қиыр Шығыста энергия жүйесіндегі ірі апат 1,5 млн астам адамды жарықсыз қалдырды.

Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге "СО ЕЭС" АҚ филиалының өкілдері хабарлады.

 «Апат салдарынан 1,5 млн адам жарықсыз қалды. Келеңсіз жағдай 14.7-де орын алды,  тұтынушылар 17.56-да қайта қосылды. Қазір барлық жүйе қалыпты жұмыс істеуде», - деді Амур облысы диспетчерлік энергия жүйесі басқармасының диспетчері Борис Васильев.

Апат 220 кВ электр беру желілерінің бірінде қысқа тұйықталу салдарынан болған. Амур облысында 439 мың адам, Оңтүстік Якутияда - 39 мың адам, Хабаров өлкесінде, ЕАО-да - 715 мың адам, Приморье өлкесінде 430 мың адам жарықсыз қалды.