Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге "СО ЕЭС" АҚ филиалының өкілдері хабарлады.
«Апат салдарынан 1,5 млн адам жарықсыз қалды. Келеңсіз жағдай 14.7-де орын алды, тұтынушылар 17.56-да қайта қосылды. Қазір барлық жүйе қалыпты жұмыс істеуде», - деді Амур облысы диспетчерлік энергия жүйесі басқармасының диспетчері Борис Васильев.
Апат 220 кВ электр беру желілерінің бірінде қысқа тұйықталу салдарынан болған. Амур облысында 439 мың адам, Оңтүстік Якутияда - 39 мың адам, Хабаров өлкесінде, ЕАО-да - 715 мың адам, Приморье өлкесінде 430 мың адам жарықсыз қалды.