Ғалымдар көмірдің әр тоннасынан бір граммға дейін бағалы металл алатын эксперименттік қондырғы ойлап тапты. Құрылғыны келесі жылы облыстағы жылу қазандықтарының біріне енгізу жоспарда бар.
Амур ғалымдары 15 жыл бойы түрлі кен орындарынан алынған қатты отын құрамына талдау жасады. Анықталғандай, Ерковецк бассейнінің бір тонна көмірінде шамамен 1 грамм алтын бар. Демек, жыл сайын облыстың әр қазандығы миллиондаған рубльді желге шашуда.
«Сүзгіде пайдалы және зиян компоненттердің шөгіп қалатынын Амур ғылыми орталығының ғалымдары дәлелдеп қойған. Егер қондырғы әр тоннадан жарты грамм алтын өндірсе де, пайда әкеледі. Яғни, бір тонна көмір жағып, 1500 рубль табуға болады», - деді «Амур ғылыми орталығының кешенді инновациялық технологиялары» ААҚ бас директоры Олег Агеев.
Қондырғының жұмысы оңай. Жанған көмірдің түтіні жүздеген тазалау жүйесінен өтеді. Алдымен қоспалар (зиян қоспалар да) сумен шайылады, сүзгілерден өтеді. Содан кейін пайда болған алтын концентратын аффинажға жібереді.
Әдіс патенттелген.