Қыз зорлады деп күдікке ілінген қызылордалық қазір бапкер емес — облыстық басқарма

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бапкер бұл қызметпен әлдеқашан қоштасқан. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған жасөспірімнің бапкер тарапынан қысым мен заңсыз әрекеттерге ұшырағаны туралы ақпаратқа облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді.

Фото: Kazinform

— Аталған іс бойынша бұл азамат осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2024 жылы басқармаға қарасты спорт мекемесіндегі көгалдағы хоккей жаттықтырушысы лауазымынан толығымен босатылған. Қазіргі уақытта ол спорт саласы мекемелерінде қызмет атқармайды, — делінген хабарламада. 

Басқарма тергеу нәтижесін құқық қорғау органдары жариялайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.