АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс кулуарында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әйелдерді әскерге алу туралы журналистер сұрағына жауап берді.
Алдымен ол қазір қыздардың өз еркімен әскерге баруы жөнінде пікір білдірді.
— Ұсыныстар бар. Қыздар тіркеліп жатыр, — деді Асқар Мұстабеков.
Журналистер «Геосаяси жағдай ушыққан жағдайда Израильдегідей қыз-келіншектерге де міндетті әскери қызметке шақыру жіберіле ме?» — деп сұрады.
— Бізде ондай жоқ, жоспарда да жоқ, — деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерде намаз оқуға қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.