Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түсіп қалды
15:42, 03 Қазан 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа Тянь-Шань қоңыр аюы түсіп қалды.
Тянь-Шань қоңыр аюы халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1 500 - 3 500 метр биіктікте кездеседі. Аю денесінің ұзындығы 1,5 - 2,2 метр аралығында, ал салмағы 135 - 200 келіге дейін жетеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалды. «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Тянь-Шань қоңыр аюының су ішіп жатқан видеосы жарияланған едік.
Сонымен қатар Іле Алатауын мекендейтін ілбістер видеоға түсіп қалған болатын.