Қыркүйек айының басында хуситтер танкерді сүйреуге рұқсат берді. Бірақ сарапшылар палубадағы өрт ошақтары мен жоғары температураға байланысты бұл процесті қауіпті деп тапты. Басқадай шешімдер ұзақ уақыт зерттелді.
Жанып тұрған мұнай танкері өтіп бара жатқан кемелерге қауіп төндіреді. Оның жанында грек құтқару кемесі, грек фрегаты «Псара» және француз әскери кемесі кезешілік етіп тұр. Барлығы танкер мен ондағы жүкті құтқарудың жаңа әрекетінің басталуын күтіп тұр.
Тасымалдауға ЕО Әскери-теңіз күштерінің Aspides миссиясы көмектеседі.