Қызылорда, Абай және Ұлытау облыстары құрылыс өсімі бойынша көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% өсіп, 4072,1млрд теңге болды.

Фото: Энергетика министрлігі

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 91,1%, шетелдік – 8,3%, мемлекеттік – 0,6% орындалды.

2026 жылғы қаңтар–маусым айларында құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда артуы ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 22,5% өсуіне байланысты.

Өңірлер бөлінісінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың он жеті өңірінде байқалды. Едәуір өсім Ұлытау облысында (3,3 есе), Қызылорда (31,3%), Абай (31%), Павлодар (29,6%), Қостанай (26%), Түркістан (25,5%), Шығыс Қазақстан (22,3%), Атырау (19,7%), Батыс Қазақстан (17,1%) және Жамбыл облысында (13,4%), сондай-ақ Алматы (22,5%) және Шымкент (12,9%) қалаларында тіркелді.

Айта кетелік елде бір мезетте 51 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр