Облыстық Полиция департаменті медицина қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
- Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы департаменттің бақылауында, - делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем бригадасы арқылы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген.
- Республикалық клиникалық орталық мамандары ем барысында балаға бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізген. Аталған жағдай бойынша тексеру жұмысы жүріп жатыр, - делінген басқарма хабарламасында.
Бұдан бұрын Байқоңыр қаласында терезеден құлап кеткен бала ауруханада көз жұмған болатын.