ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында 72 жастағы қария бір күннен бері хабарсыз кетті.
Қызылорда қаласында тұратын 72 жастағы қария Жидебаев Сәбитхан Әбішұлы 11 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см, арық денелі. Киген киімі: көк түсті ақ сызықтары бар кеудеше, сұр түсті трико. Азамат жүйке аурумен ауруханасында есепте тұрады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.