Қызылорда қаласында көктайғақ салдарынан бүгін 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында көктайғақ салдарынан бүгін, 5 желтоқсанда 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Коллаж: Kazinform; DALL-E
Бүгін облыс орталығында ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Фото: Қызылорда облыстық ПД
— Жол апатынан жарақат алған 3 қала тұрғыны ауруханаға көрініп, қайтарылды. Облыс тұрғындарынан жолда абай болуын, жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды. Бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада баспалдақтың темір қоршауына басы қысылып қалған бала құтқарылды.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.