ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында сыртқы есігі құлыптаулы пәтер ішінде құлап қалған 66 жастағы қарт әйел құтқарылды.
Оқиға 28 наурызда Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйде болған. Сағат 09.38-де бұл бойынша пәтердің сыртқы есігін 66 жастағы қарияның бірнеше сағаттан бері ашпай жатқаны жөнінде шақырту түскен.
«Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы техникасымен барды. Онда құтқарушылар туыстарының қатысуымен слесарлық құралдарды пайдаланып, пәтердің сыртқы есігін ашып берді. Пәтер ішіндегі жуыну бөлмесінде 1958 жылы туған қарт кісі құлап жатқаны анықталды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Қарт әйел жедел жәрдем мамандарына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.