ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде жасөспірімнің мәйіті табылды.
Бүгін, 12 ақпан күні сағат 15.00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық амбулаторияға 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
«Аталған дерек бойынша тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жолда тұрған көлік жүргізушісі қайтыс болды.
Қызылорда облысында автокөлік Самара-Шымкент» тас жолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды.
Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.