ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында болған жастардың жаппай төбелесі жайында полиция түсініктеме берді.
Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Полиция қызметкерлері жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушылар жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Медициналық мекемеге жүгінгендер болған жоқ», - деп атап өтті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) күдікті қатарында танылған қылмыскер 11 жыл іздеуде жүрген болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.