Қызылорда қаласының әкімі тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM –  Қызылорда қаласының әкімі қызметіне Нұржан Ахатов тағайындалды.

Н.Ахатов 1978 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы облыстық статистика жөніндегі есептеу орталығының жабдықтаушы маманы болып бастаған. 2004-2008 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2013 жылдары облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

2013-2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары, 2015-2022 жылдары «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы, «Қызылорда» автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарды.

2016-2021 жылдары Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты ретінде өзекті мәселелердің оң шешім табуына атсалысты. 2022 жылдың шілде айынан Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келді.