Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Жандарбек Сұлтанбекұлы тағайындалды.
Жандарбек Сұлтанбекұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әрі қарай Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас прокуратураның департаментінде бөлім прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры болды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «2 дәрежелі Айбын» орденімен наградталған.
Прокуратура органдарында 13 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының прокуроры тағайындалды.
Бұл қызметке Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Ризабек Кәрімұлы Ожаров келді.