АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Кеңес Аслан Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.
Кеңес Аслан бұған дейін орталық аппараттың департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.