Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі қызметіне Мәжит Самитов тағайындалды.

Мәжит Самитұлы 1985 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңтану», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2010-2015 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған. 

2015-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының бірінші департаментінің прокуроры, аға прокуроры болған.

2017-2019 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған. 

2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі болды.

2022 жылдың маусым айынан ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі саяси қызметін атқарып келді.