Қызылорда облысында 1500 пресс шөп жанып кетті
18:35, 17 Маусым 2024
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында өрттен 1500 пресс шөп жанып кетті.
Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына бүгін, 17 маусымда 11.10 шамасында Бидайкөл ауылында мал қора жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
«Аталған хабарлама бойынша бөлімнен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 5 қызметкер жұмылдырылды. Тұрғын үйдің ауласында ауданы 12×12 метр болатын мал қора және 1500 дана жиналған пресс шөбі жанғандығы анықталды. Өрт 12.00 шамасында толығымен жойылды. Салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында өрттен 100 бау шөп жанып кетті.