ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында Кеңес одағы паспортымен жүрген азамат жаңа жеке куәлігін алды.
Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Кеңес одағының 1974 жылғы ескі үлгідегі қызыл төлқұжатымен жүрген азаматтан өтініш түсті.
«Полиция қызметкерлері аталған азаматтың Қазақстан азаматтығына қатысты құжаттарын жинақтады. Сол бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жеке куәлігіне қол жеткізген азамат полиция қызметкерлеріне алғыс айтты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында алименттен жалтарған 154 борышкердің құмар ойынға 250 млн теңге салғаны анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.