АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысында бөдене өсіретін құс фабрикасы өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, фабрикада 4 мың бөдене құсы болған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«28 ақпан күні сағат 04:37–де Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабынының 288 шаршы метр аумағы өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Тілсіз жау сағат 05:41–де оқшауланып, 06:12 толықтай сөндірілді» делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.