Қызылорда облысында 4,5 млн сексеуіл көшеті егіліп жатыр

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының Арал ауданында Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн гектар жерге сексеуіл егу туралы тапсырмасы жалғасын тауып келеді.

Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай ауданға сапары кезінде көрді.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

- 2021-2024 жылдар аралығында 659,1 мың гектар жерге фитоорман-мелиорация жұмысы жүргізілді. Биыл 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдар егіліп жатыр. Облыстық деңгейде 100 мың гектар жердің 15 мың гектарына 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылады, - деді Ғалымжан Еркебай.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Бүгінгі күні орман шаруашылығы мекемелерінің уақытша тұқымбақтарынан 4,3 млн сексеуіл көшеті қазылып алынды. Басқарма басшысы бұл 8 мың гектар жерге сексеуіл егуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Бұған дейін «Таза Қазақстан» бастамасы аясында мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы 1 млрд 369 млн көшет отырғызылғанын жазғанбыз.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы