Қызылорда облысында 52 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Өткен жылы Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет саласында 6 млн 210 мыңнан астам  қызмет көрсетілген.

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тексеру және қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 11 744 бұзушылықты анықтады. Кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар аясында 52 қызметкер тәртіптік, 12 адам әкімшілік жазаға тартылды.

— Қызмет көрсету сапасына қатысты 91 өтініш түссе, оның 20-сы бойынша тексеру жүргізілді. 18 қызмет алушының дәлелдері расталды, құқығы қалпына келтіріліп, қорғалды. Жыл көлемінде 735 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Қоғамдық кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 15 мәселе талқыға түсті. Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысында 16 органға 34 ұсыныс жолдадық. Олар толығымен орындалды, — деді департамент басшысы Ерлеген Меңдалиев. 

Айта кетейік, жуырда Мәжілісте «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.