ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал ауданында автокөлік МАИ көлігімен соғысып қалды.
Оқиға 7 наурызда Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында болған.
«Автокөлік кептелісі салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жинақталған құжаттар зерделеніп, тиісті сараптамалар тағайындалуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, адам шығыны және жарақат алғандар жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған адам құтқарылды.
40 жастағы азамат жедел жәрдем мамандарына тапсырылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.