— Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізу барысында Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы ШЖҚ КМК-ы ағымдағы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды, — делінген хабарламада.
Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.
Прокуратура араласқаннан кейін 623 қызметкерге берешек жалақы толық өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері 33,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалғанын айтты.