Қызылорда облысында биыл балаға қандай есімдер жиі қойылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында биыл өмірге келген нәрестелерге Айсұлтан, Ерасыл, Әлихан, Мұхамед есімдер жиі қойылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалының хабарлауынша, ұлдар арасында Айсұлтан, Ерасыл, Әлихан, Мұхамед көбірек кездесті. Ал қыздарға ата-аналар Айлин есімін көп таңдаған. Оған қоса Медина, Әмина есімдері сұранысқа ие болған.
"Жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 мыңға жуық бала дүниеге келген. Айта кетсек, қазір тууды тіркеуге өтінішті ХҚКО, электрондық үкімет порталы арқылы және проактивты түрде беруге болады. Бұл ретте, бала туылғаннан кейін сәбидің анасына 1414-тен құттықтау SMS-хабарлама келіп, қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен сұрататын болады», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалынан.
Еске салсақ, Қызылордада биыл 15 бала терезеден құлап кетті.