Қызылорда облысында биыл жануарлардан зардап шеккен 1 299 адам медициналық көмекке жүгінді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында әртүрлі жануарлардан зардап шеккен 1299 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың басым көпшілігі - ауылдық елді мекен тұрғындары.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Облыс тұрғындары арасында санитариялық бағытта түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде әртүрлі жануардан жарақат алған адамдардың медициналық көмекке жүгінуі арта түсті. Тұрғындар арасында жарақат алған алғашқы күні дәрігерге қаралушылар саны артқан, 

«Жыл басынан бері жарақат алғандардың 97% медициналық көмекке жүгінген. Уақытылы ем алу – аурудың асқыну жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері өңірде аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Бірақ әртүрлі жануардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1299 адам жүгінді, басым көпшілігі ауылдық елді мекен тұрғындары. 

Жарақат алған тұрғындардың 48,5 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұрғындар арасында санитариялық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Уақытылы ем алу – аурудың асқыну жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Медициналық көрсеткіштерге сәйкес, жарақат алған тұрғындардың 1,8 пайызы ауруханаға жатқызылған. Ал 53 пайызы шартты және 47 пайызы шартсыз курс бойынша құтырмаға қарсы екпемен қамтылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жанабергенова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантация жасалды.