ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал ауданындағы алкоголь өнім сатудан бас тартқан Сазды ауылында екі жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2023 жылдан бастап алкоголь өнімдері сатылмайды. Нәтижесінде содан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
- Ауылда екі дүкен бар. Оның ешқайсысында алкоголь сатылмайды. Учаскелік инспектор қызметін атқарамын. Сондықтан алғашқы кезекте ауыл тұрғындары және ақсақалдар, ауыл әкімшілігі, жергілікті мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнаттым. Тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жиі жүргізіледі, - деді учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жеңісбек Төребай.
Сондай-ақ учаскелік инспектор мектеп қызметкерлерімен де тығыз байланыс орнатып, оқушылармен, ата-аналармен рейдтер ұйымдастырып тұрады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 84 экологиялық заңнама талабын бұзу дерегі анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.