Қызылорда облысында бір әулеттің 10 келіні бірге дауыс берді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округінде тұратын Еңсеповтер әулетінің 10 келіні бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері өз таңдауын жасады.
Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлық табысталды.
«Бүгін — ел өмірінде маңызды күн. Республикалық референдумда өз таңдауын жасаған көпшіліктің саны аз емес. Арал ауданының жырақта жатқан Ақирек ауылдық округінің тұрғындары да оған белсенді қатысып жатыр. Біз де өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік», — дейді олар.
Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Әулеттің ең үлкен келіні 89 жастағы апа Айдынкүл Еңсепова болса, ол кісінің тұңғыш келіні Күлзипаш Еңсепованың жасы 66-ға толған. Ал дауыс беруге олардың 19 жастағы келіні де келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын республикалық рефрендум аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі № 109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді.
Сондай-ақ мұның алдында Қызылорда облысында 103 жастағы майдангер таңдауын жасаған еді.
Фото: Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.