ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды.
Арал ауданының прокуратурасы «Бөген» ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізген еді. Тексеру қорытындысы бойынша клуб есепшісі 2,7 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.
«Аталған дерек бойынша аудандық прокуратура тарапынан ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен іс тіркелді. Бұл істі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді. Арал аудандық сотының үкімімен есепшіге 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жемқорлықпен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен екі полицей ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.