Ең жоғары еңбекақы көлік және жинақтау қызметіне тиесілі – 581 375 теңге.
Ал ең төменгі жалақыны ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек ететіндер алады – 166 570 теңге.
Департамент жұмыссыздық статистикасын да бөлісті.
– Биылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны 16,9 мың адам шамасында. Жұмыссыздық деңгейі – 4,8%. 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,4%. NEET санатындағы жастар үлесі – 5,7%. Бұл дерек халықтың жұмыспен қамтылуының іріктелген зерттеу қорытындысы негізінде әзірленді, - делінген хабарламада.
Облыстық статистика департаменті бұған дейін Қызылор облысының демографиялық көрсеткішін жариялаған болатын.