Қызылорда облысында эпидемиологиялық маусымда 44 599 адам ЖРВИ-ге шалдықты

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында 2024-2025 жаңа эпидемиологиялық маусымда 44599 адам жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққаны анықталды.

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Аурушаңдық көрсеткіштері бойынша төмендеу тенденциясы байқалады. 

- Өңірде 2024-2025 жаңа эпидемиологиялық маусымда жіті респираторлы вирусты инфекция 44599 адамнан анықталды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткішіні 10%-ға төмендеген. Ауруы ауыр өтіп жатқан 476 науқастан алынған анализге зертханалық талдаулар жүргізілді. Нәтижесінде 84 тұмау емес вирустар анықталды. Басым көпшілігі РС вирус (47 адам), аденовирусқа (23 адам) сәйкескеледі. Облыста метапневмовирус анықталған жоқ. 

Адам метапневмовирусы - көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларыныңмаусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталады, - деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Еске салсақ, БҚО-да екі бала метапневмовируске шалдықты.