Тексеру нәтижесінде Сырдария ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы аумағы 129 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағаны және игерілмегені анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында жер пайдаланушыға нұсқама берілді. Алайда белгіленген мерзімде нұсқама талаптары орындалмады.
Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз жолдады.
Сот шешімімен департаменттің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылып, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұдан бұрын былтыр мемлекетке қанша заңсыз актив қайтарылғанын және қаражат қайда жұмсалғанын жазған едік.