Қызылорда облысында қарт майдангерге құрмет көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа ерекше құрмет көрсетілді.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қарт майдангердің үйінің алдында Отан қорғаушылар саптық жүріспен өтіп, ардагерге құрмет жасалды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Майдангердің ел үшін еткен ерлігі мен жанқиярлық еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Яхия Тасыровтың өмір жолы — отансүйгіштік пен адалдықтың айқын көрінісі. Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен майдангерге құрмет мол.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі