ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» рейдтік іс-шарасын жүргізді.
Шара барысында жеңіл автокөлікпен киік жануарының мүйізін заңсыз тасымалдаған аудан тұрғыны ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды.
- Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция лепартаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада құлдықта болдым деген азамат оқиғаның нақты барысын айтып берді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.