Қызылорда облысының Арал қаласынан Қармақшы ауданына дейінгі аралықтағы «Самара-Шымкент» тас жолында көктайғаққа байланысты көліктердің барлық қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда облысында бүгін ауа райының нашарлап тұр. Көктайғақ көліктердің жүруіне кедергісін келтіреді.
«Осыған байланысты 19 желтоқсанда Астана қаласы уақытымен сағат 17.10-нан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1361-1650 шақырым шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына шектеу қойылды. Ол Арал ауданы орталығынан Қармақшы ауданына дейінгі аралықты қамтиды», - деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын 13-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында оқушылар мен студенттерге сабақ онлайн өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.