- 2026 жылғы 2 ақпан күні сағат 22:00-ден бастап «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде, атап айтқанда Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы бағытында көліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша тоқтатылады, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Жолды 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ақпанның алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатынбыз.