ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Оқиға Шиелі кентіне қарасты Көкшоқы мөлтек ауданында болған.
«Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Көше бойында «Kia Sportaqe» маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғаны анықталды. Өрт 13.12-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жабдықталмаған жағажайда шомылған екі бала Сырдарияға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.