ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал ауданында жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға аудан орталығы – Арал қаласында болды. Төтенше жағдайлар саласына көшелердің бірінде «Mersedes-benz 210» жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 7 қызметкер барды. Олардың күшімен толығымен жанып жаткан автокөлікті сөндірілді. Жарақат алгандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуацияланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.