Қызылордада медицина колледжінің студенті жатақханада кісі қолынан қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: Kazinform

Студентті жатақханада жоғары курста оқитындар азаптап өлтірді деген күдік бар.

– Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Полиция тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады.

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы 8 сыныпта оқитын қызды үшкір затпен жарақаттағанын жазған едік.