ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде отбасында жанжал шығарған 79 адам есепке алынды.
Аталған іс-шара барысында 635 адам тексерумен қамтылып, отбасында тұрмыстық жанжал шығарған 79 адам есепке алынды.
«Отбасы, тұрмыстық қарым қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 91 адам жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде заңды өкілдерінің еріп - жүруінсіз тұрғылықты мекен-жайынан тыс жерде жүргені үшін 100 кәмелет жасқа толмағандардың ата-анасы жазаланды. Масаң күйде қоғамдық орындарда жүргені немесе ішкені үшін 38 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 25 пәтерге түскен ұры ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.