ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді.
Бүгін, 29 қаңтарда Қызылорда облысында күн райы күрт бұзылды.
Қарлы боран және нөлден төмен температура көрініс берді.
«Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана қаласы уақытымен 29 қаңтар түнгі 01:50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.