ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлап кетті. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының облыс аумағындағы бөлігінде көліктің барлық қозғалысына шектеу қойылды.
«Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы 31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 21:10–ден бастап республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойды. Ол Ақтөбе және Түркістан облыстары шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, 30 қаңтарда Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.