ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында сегіз адам мінген адам автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты.
Оқиға Арал ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болды. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған.
«Жол бойында 63 жастағы жүргізушінің автокөлігі аударылған. Оның ішінде болған сегіз адамның біреуі қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында масаң күйде көлік айдаған жедел жәрдем жүргізушісі жазаланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.