ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында серіктестіктің бұрынғы төрағасына іздеу жарияланды. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылып отыр.
Қызылорда облыстық полиция департаменті «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Сейіткамал Абзалұлы Сұлтановқа іздеу жариялады.
«Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылды. Ол 1973 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазірге дейін «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры қызметін атқарған.
Іздеуде жүрген күдіктіге қатысты қандай да бір мәлімет берген жағдайда анонимдік сақталады.
Ақшалай сыйақы қарастырылады. Бас шарасы:«қамауға алу»,
Байланыс телефондары: 102. 8-(7242) 29-57-07, 29-50-08, 29-70-10, сенім телефондар 8-(7242)-29-57-07, 8-701-369-55-35», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.