Құқық бұзушылық жасаған кезде ол алкогольдік масаң күйде болған.
Сот шешімімен Қуаныш Олжабаев ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта ер адам сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр. Ол көшелерді сыпырып, аумақты арамшөптерден тазартып, басқа да қоғамға пайдалы жұмыстар жасап жүр.
-Интернет — заңсыздыққа жол беретін кеңістік емес. Тікелей эфир жауапкершіліктен босатпайды. Құқыққа қайшы әрекет қай жерде жасалса да, көшеде немесе әлеуметтік желіде — заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынғаны туралы жзадық.