ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Шиелі ауданында төбелестен бір жасөспірім қайтыс болды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Қазір бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде екі жасөспірім қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында», - деп атап өтті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.