ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде транзиттік, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
«13 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 12.45-тен бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына транзиттік, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл шешім Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты қабылданып отыр», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жолда қалып қойған 4 мың жолаушыға көмек көрсетілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.