Қызылорда облысында үш ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданында 3 ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр.
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Шиелі ауданындағы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері тұратын 2 мыңнан астам сайлаушы 8 кандидатқа дауыс бере алады. Оның ішінде Жаңатұрмыста 635, Еңбекшіде 1031, Қарғалыда 710 сайлаушы бар. Кандидаттардың 7-і өзін-өзі ұсынса, 1-і саяси партия атынан бақ сынауда.
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Саяси науқанда алғаш рет таңдау жасаған және ұжыммен бірге келген мәдениет үйінің қызметкерлері өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, спорттық жарысқа қатысушы азаматтар да өзі сенім артқан кандидатқа дауыс берді.
«Әскерден оралған сәтте ауылда әкім сайлауы болатынын әл-ауқатымызды жақсартуға қызмет ететін әкім үшін дұрыс таңдау жасауымыз қажет», - деді Бақытжан Бекпенбетов.
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Дауыс беру күні 3 округ бойынша 39 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш қалдырған. Олардың бәріне де тасымалданатын жәшік барады.
Айта кетсек, дауыс беру жергілікті уақыт 20.00-ге дейін жалғасады.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.