Бұл туралы Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Сейдахан Абылайхан хабарлады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
— Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз. Өз қауіпсіздігіңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауды еске саламыз, — деді Сейдахан Абылайхан.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, жолаушы қаза тапты.